Өмірден озған Уитни Хьюстоннің өнерін 2008 жылы астаналықтар да тамашалаған. Алайда, әйгілі әншімен жеке кездескісі келген беделді тұлғалардың өзін әнші қабылдамаған. Неліктен? «Нысана» тілшілері танымал орындаушының Қазақстанға келген жалғыз сапары кезінде уақытты қалай өткізгенін білуге тырысты…
Медициналық мекемелердегі бахилалардан заңға қайшылық табылды. Бәсекелестік қорғау агенттігі емханалар мен ауруханаларда гигиеналық аяққаптар киюге міндеттеу кімнің бұйрығымен жүзеге асырылып жатқанын білмей дал. Бахила киіп жүру бұл бұйрық па, әлде бизнес пе?
Әнші тыңдарманды неге өкпелетті? Семейде өнерпаз Қайрат Нұртастың концерті өтпей қалды. Жиналған қауым концерт залы табалдырығынан аттай алмай, кері қайтты. Ақырында ашуланып, әншіге қарсы пикет өткізді. Әнші Қайрат неліктен көпке қол сілтеді? «Нысана» тілшілері орындаушыны Астанадағы үйіне іздеп барды.
| , 29.11.2011 19:58:24 |
|
Почему про Семей так мало? Ведь город не маленки. Есть много месть для репортажа про Семей! Этот репортаж про Семей особо не удотворимы!
|