«KZландия» — телеарна мен продюсерлік орталықтың өзара бірлесе шығарған екінші туындысы. 2011 жылдың қыркүйегінде жасалған өзара келісім аясында комедиялық телебағдарламалар тізбегін шығару жоспарланған. Келісім «Ауылдан қашу» комедиялық сериалының шығарылуымен басталған болатын. «Мокьюментари» стильінде түсірілген қазақстандық алғашқы сериал көрермен назарына 2011 жылдың 7 қарашасында ұсынылды. Сериал эфирге жұмыс күндері шығарылып, 12 пайыз аудиторияны экран алдына топтасыра алды.
«KZландия» жобасы он екі шығарылымнан тұрады және эфирге аптасына бір рет шығарылады. Әр шығарылым бес скетчтен тұрады: «АйтысStar», «Backstreet той», «Аулбай ТВ», «Ағашка-взяточник» және «Девушки-чайки». Әлбетте әр скетчтің өз алдына өз түсіндірмесі бар. Backstreet той — «Евровидение», «Новая волна» және өзге де музыкалық байқауларға қызығушылық танытпайтын, тек тойларда өнер көрсететін топ. Аулбай ТВ — киіз үйде отырып ақпарат тарататын телевидение, ал парақор-ағатайға үнемі оны пара алғаны үшін тұтқындап жатқан түстер кіріп мазалайды. Ал шынайы өмірде парақор-ағатайда барлығы жақсы.