14:00 «Сегодня днем-Бүгін күндіз» рус/каз
Телепрограмма
Мамыр 2012
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31
 

Ауылдан қашу (Побег из аула)

Жоба жайында

Қараша айында «Жетіншіде» алғашқы шығарылым: докудрама жанрында түсірілген «Побег из аула» алғашқы қазақстандық комедиялық сериал.

Оқиға Ербол, Куча, Татарин және Сапог есімді төрт ауыл жігіттерінің қаладан атасына келген бозбаладан бейнекамераны тартып алу оқиғасынан басталады. Олар бейне камерамен қалай жұмыс істеу керек екендігін білгеннен кейін «алуан түрлі» ауыл өмірінің жекелеген тұстарын бейне камераға түсіре бастайды. Осы уақытта бейне камерасынан айрылған қаладан келген бозбала прокурордың баласы екені анықталып, жәбірленуші полицияға арыз жазып, оқиға күрделене түседі. Сериал кейіпкерлерінің өмірінде сәтсіздік кезеңі белең алады. Біріншіден, жігіттер ауылдағы қылмыста беделді адаммен ара қатынастары бұзылады, екіншіден, оларды полиция іздеп жүргенінен хабардар болады. Сондықтан Ербол, Куча, Татарин және Сапог Қазақстанның ең ірі қаласы Алматыға қашуға шешім қабылдайды.

«Побег из аула» сериалының авторлары телевизиялық бизнесте өз орнын тапқандар: көрермендерге сериал авторлары танымал британдық Little Britain скетч-шоуының клоны, ресейлік Наша Russia жобасының баламасы «Наша казаша» әзіл-оспақ сериалы арқылы танымал. Танымал бағдарлама авторлары экранға төлтума өнімдерін шығаруға дайын. Егер алғашқы өнім ойлағандай шықса, сериал «Жетіншінің" эфирінде қазақстандық сериалдардың жаңа тізбегін салуға жол ашады.




Пікір

Соңғы RSS
көп оқылатын