-
16 Мамыр 2012, 19:00
Павлодарда аяғы ауыр әйел полициядан таяқ жедім деп отыр. Прокуратураға шағымданған 26 жастағы Татьяна Самойленко Қашыр ауданы ішкі істер бөлімінің қызметкеріне кінә тағып отыр.
-
16 Мамыр 2012, 19:00
Алматыда суды тегін тұтынып келе жатқан тұрғындармен күрес басталды. Бүгін арнайы тексеруге шыққан мамандар үйлерді аралап, суық суға құжатсыз қосылғандарды анықтауға кірісті.
-
16 Мамыр 2012, 19:00
Жабайы жарнамаға жол жоқ! Алматы қаласының әкімшілігі жарнама қондырғыларын заңдастыруды талап етті. Яғни, меншік иелері он күн ішінде темір тұғырларды орнататын жердің құжаттарын рәсімдеп үлгерулері тиіс.
-
16 Мамыр 2012, 19:00
Қазақстан аумағына халық тұтынатын тауарларды контрабандалық жолмен әкелу жиілеп кетті. Кеденшілер қазақ-қытай шекарасындағы бекеттерде осындай 3 қылмысты әшкерелеп отыр.
-
15 Мамыр 2012, 19:00
Оңтүстік Қазақстан облысында атышулы қылмыстық істің беті ашылды. Полицейлер облыс аумағында және көршілес Өзбекстанда 11 әйелді өлтірген қылмыстық топ мүшелерін ұстады.
-
14 Мамыр 2012, 19:00
Ақтөбедегі тергеу изоляторында сот үкіміне наразылық көрсеткен сотталушы қарнын жарып тастады. Көлік ұрлағаны үшін сотталған Ресей азаматы өзін-өзі өлтірмек болды.
-
14 Мамыр 2012, 19:00
Павлодардағы көлік тасымалымен айналысатын компания Сыртқы істер министрлігінен көмек сұрайды. АҚШ-тағы әріптестерін жазалауды өтінеді. Кәсіпкерлерді америкалық серіктестері алдап, ақыры банкротқа ұшыратқан.
-
14 Мамыр 2012, 19:00
Оңтүстік Қазақстан облысында заңсыз жолаушылар тасымалы тыйылар емес. Қалааралық автобустар кез келген жерде тұрақтап, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысады.
-
11 Мамыр 2012, 19:00
Осыдан екі жарым жыл бұрын үш адамды қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен Әлібек Қайымсұлтанов жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Бүгін Алмалы аудандық сотында атышулы оқиғаға нүкте қойылды.
-
11 Мамыр 2012, 19:00
Шымкенттің Әл-Фараби аудандық соты «Қазкоммерцбанк» қалалық филиалының активтерін жымқырғандарға қатысты екінші рет үкім шығарды. 80 томнан тұратын қылмыстық іс барысында 80 куәгерден жауап алынды.
-
11 Мамыр 2012, 19:00
Семейдегі балабақшалардың бірінде шу шықты. Мұндағы «Бурундучки» мемлекетттік балабақшасы ай сайын төленетін қаржы көлемін бірден 50 пайызға өсіріп жіберген.
-
11 Мамыр 2012, 19:00
Алматылық кәсіпкерлер автотұрақсыз қалатын түрі бар. Бұдан былай «Тек клиенттер үшін» деген тақтайша іліп, жол жиегін қоршап қоятын мейрамхана, сұлулық салоны, банк, емхана секілді орындардың қожайындары әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ.
-
10 Мамыр 2012, 19:00
Петропавлда зейнеткерлерді алдап жүрген алаяқтық деректер тыйылмай тұр. Күдіктілер өздерін «Қазпоштаның» қызметкерлері ретінде таныстырып, ақшаларын үйден шықпай, жаңа банкноттарға ауыстыруды ұсынады екен.
-
10 Мамыр 2012, 19:00
Тергеу абақтысындағы күдіктілердің қашып кетуіне байланысты Жезқазған қаласы Ішкі істер департаментінің лауазымды тұлғалары қызметтерінен босатылды.
-
10 Мамыр 2012, 19:00
Қостанайда соңғы бес күн ішінде тәртіп сақшылары тұрғындарға қарсы тапаншадан үш рет оқ атқан. Қазір қару қолдану қаншалықты заңды екендігі тексеріліп жатыр. Алайда, полицейлер өздеріне шаң жуытар емес.