Жаңалықтар
10 Ақпан 2012, 19:00
Футбол
Футболдан Англия құрамасы бас бапкері міндетін уақытша Стюарт Пирс атқаратын болды. Ол жастар құрамасының бас жаттықтырушысы. Пирс, ағылшындықтарды 29, ақпанда Голландиямен болатын жолдастық кездесуге дайындайтын болады. Сондай-ақ, ол Ұлыбритания құрамасына Лондон Олимпиадасында да жетекшілік етпек. Дегемен, ағылшын футбол қауымдастығы қызметінен кеткен Фабио Капеллоның орнына бапкер іздестіруде. Естеріңізге сала кетейік, итальяндық маман Джон Терриді капитандық міндетінен шеттеткенімен келіспей қызметінен кеткен болатын.
Ұлыбритания
Жігер Әзберген
Пікір