14:00 «Сегодня днем-Бүгін күндіз» рус/каз
Телепрограмма
Мамыр 2012
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31

Жаңалықтар
10 Ақпан 2012, 19:00

Қоршаған ортаны қорғау вице-министрлері жазалануы мүмкін

Қоршаған ортаны қорғау вице-министрлері жемқорлыққа жол бергендері үшін жауапқа тартылуы тиіс. Бүгін қаржы полициясының басшылығы жаңа министр Нұрлан Қаппаровқа осындай ұсыныс жасады. Бұған жемқорлыққа қарсы күрес қоғамдық кеңесінде аталған фактілер себеп болып отыр.

Бүгін Қоршаған ортаны қорғау министрін Жемқорлыққа қарсы күрес қоғамдық кеңесінің мүшелері қоршауға алды. Ведомствоны жемқорлық жайлап кеткен. Басшылары күшін табиғатты емес, қоластындағыларды қорғауға жұмсап жүрсе керек.

Отырысқа ең соңғы болып келген министрдің өзі. Қоластындағылармен-де, министрліктің шаруасымен-де әлі толық танысып үлгерген жоқ. Өйткені, тағайындалғанына екі апта ғана болды. Сондықтан, қоғамдық кеңес Нұрлан Қаппаровты емес, оның жауапты хатшысы Анатолий Дерновойды сынға алды. Комиссия мекеменің жұмысына қанағаттанбай отыр. Түйін — қысқа да нұсқа. Министрлік табиғатты қорғап жатқан жоқ, керісінше қорлап жатыр. Сөздері дәлелді болуы үшін фактілерін таспаға түсіріп әкелді. Міне, нәтижесі.

Қазақтың даласын ластап жатқан шенеуніктердің «лас» қолдары. Ірі өндіріс ошақтарының мұндай өрескел әрекетіне көздерін жұмып отырса керек. Комиссия құрып, басы қасында өзі жүріп тексеріп келген Батыржан Ашитов бұған сенімді. Мәселен, тек «Жайық-Каспий» экололгиялық департаментінің басшысын бұрынғы министр Нұрғали Әшімов соңғы үш жылда жеті рет ауыстырған.

Ішінде бір-де бір эколог маман жоқ. Бірі полицей, бірі ветеринар болып шыққан. Төтесінен қойылған сауалдың жауабын кеңес мүшелері Анатолий Дерновойдан күтті.

АНАТОЛИЙ ДЕРНОВОЙ - ҚР ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ:
«Мне здесь комментировать не приходится. Они были личные они сейчас освобождены».

ОРАЛБАЙ ӘБДІКӘРІМОВ - «НҰР ОТАН» ХДП ЖАНЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ:
«Бізде жоғары білімді эколог мамандар бар, қайда олар? Түсінбеймін».

Қайда жүргенін ешкім түсінбейді. Кәсіби мамандарды іздеуге министр өзім кірісем деп отыр. Өйткені, өзі-де бұл саланың маманы емес.

НҰРЛАН ҚАППАРОВ -ҚР ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:
«Мен енді эколог емеспін, бірақ үйренем деп ойлаймын».

Ойлайтын істері жетеді. Министр жемқорлармен шындап күресуге бар. Десе-де сыбайластықтан аулақ болсын деп Қоғамдық кеңес тарту еткен төсбелгіні үнемі тағып жүруге дайын емес секілді.

Астана

Қатира Мағдатқызы


Пікір

Соңғы RSS
көп оқылатын