Бүгін Шымкентте баспанасынан айырылған бір топ тұрғын наразылық шарасын өткізді. Көпбалалы аналар облыстық прокуратура ғимаратының алдына жиналып, өздерінің мәселесіне көңіл аудартқысы келді. Наразы жұрттың айтуынша, кезінде жергілікті билік демеушілер есебінен салынған үйлерді әлеуметтік жағдайы төмен жұртқа бөліп берген. Кейін баспаналарды кері қайтарып алған.
Алты баланың анасы Дина Кемелбекова қазір өзінің құқы туралы заңгерлерден кем білмейді. Алты жыл бұрын оның отбасына «Достық" мөлтекауданынан әлеуметтік баспана берілген. Ал екі жыл өткен соң көпбалалы жанұяны сот шешімімен баспанадан қуып шығыпты. Содан бері төрт жыл ө
ДИНА КЕМЕЛБЕКОВА - КӨПБАЛАЛЫ АНА:
«Мемлекеттен оған бір тиын шыққан емес. Ол кісілер, демеушілер кезінде айтқан аз қамтылған отбасыларға салып береміз, көп балалы отбасыларға деген. Сауабын аламыз деп. Сол үйлер қазір сондайға келмей тұр. Сол үйлерді қазір заңдастырып берсін деп отырмыз».
Айта өтейік, 2006 жылы бұрынғы қала әкімі Өмірзақ Әмет кәсіпкерлерді ұйымдастырып, мүгедек жандар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға «Достық мөлтекауданыны бірнеше үй салып берген болатын. Сол кезде жүздеген отбасы баспаналы болып қалған. Кейіннен бұл үйлердің берілуі заңсыз деп танылып, бірқатары сот шешімімен кері қайтарып алынды. Алайда, мұндай шешімге келіспеген жұрт бүгін облыстық прокуратураның алдында үндеу парақшаларымен шықты. Наразы топ жергілікті биліктің бұл әрекетіне қарсылығын білдірді.
ЖАНАТ СИҚЫМБАЕВА - МҮГЕДЕК ҚЫЗДЫҢ АНАСЫ:
«Ақыр аяғында барлығын
Алайда облыстық прокуратура қызметкерлері сол кезде баспаналар мен жерлерді бөлуге құрылған комиссияның жұмысын мүлдем заңсыз деп тапқан. Сондықтан бұл комиссияның шешімдері өз күшін жойған дейді.
ЕРБОЛ ӨСТЕМІРОВ - ОҚО ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ:
«Заңнамада ол комиссияның жұмысы қарастырылмаған, болмаған. Ешқандай жұмысы, нормативтік актілері заңнамада қарастырылмаған регламентпен жұмыс істеген. Яғни комиссияның шығарған шешімдерінің барлығы заң талаптарына қарама қайшы жасалған деп айтуға болады».
Десек те, көпбалалы аналар 2006 жылы берілген екі мыңға тарта баспананың не себепті тоғызын ғана кері қайтарылып алғанын түсінбей дал. Бұған дейін олар тү
Шымкент