-
16 Мамыр 2012, 19:00
Петропавлда жергілікті әкімшілік пен Ауған ардагерлерінің арасында дау туындады. Ауған ардагерлерінің саябағы жеке кәсіпкерге сатылып кетіпті. Осыдан алты жыл бұрын болған оқиғаны ардагерлер жуырда ғана білген.
-
16 Мамыр 2012, 19:00
Оқыс оқиға! Теміртау қаласындағы Арселор Миттал компаниясындағы цехтардың бірінде өрт болып, екі адам мерт болды. Цехта жұмыс істеп жүрген кран жүргізуші 45 жастағы әйел жанып кеткен.
-
15 Мамыр 2012, 19:00
Бүгін Алматыда төрт қабатты жатақхана өртенді. Дәлізден шыққан жалыннан ғимараттың бір бөлмесі толық жанып кетті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер шұғыл түрде алпыс адамды қауіпсіз жерге шығарды.
-
15 Мамыр 2012, 19:00
Қарағандыдағы Дубовка елдіи мекенінің үш мыңға жуық тұрғыны екі айдан бері таза ауыз сусыз отыр. Өткен жылы бес мыңнан астам тұрғыны бар елді мекенді сумен қамту үшін жүз алпыс миллион теңгеден астам қаржы бөлінген еді. Алайда, жұрт суды тасып ішуге мәжбүр.
-
15 Мамыр 2012, 19:00
Алматыда жаңа туған жас сәбилер өлімі жиілеп барады. Екі күнде ғана қаладағы перзентханалардың бірінде үш нәресте шетінеп кеткен. Қайғыдан қан жұтқан ата-аналар бала өліміне дәрігерлерді кінәлайды.
-
14 Мамыр 2012, 19:00
Шымкентте бес бірдей мектептің оқушылары жаппай төбелесіп, бір бала ауыр жарақат алды. Тоғызыншы сыныптың шәкірттері арасындағы текетірес соңынан бір жасөспірім аурухананың жансақтау бөлімінен бір-ақ шығуымен аяқталды.
-
14 Мамыр 2012, 19:00
Еліміздің кейбір өңіріндегі гемофилия дертіне шалдыққан науқастар әлі күнге дейін қажетті дәрі-дәрмектерін ала алмай отыр. Мемлекет тарапынан тегін берілетін преператтар әсіресе Көкшетау, Қостанай, Ақтау және Шығыс Қазақстан облысына жетпеген.
-
11 Мамыр 2012, 19:00
Оңтүстік Қазақстан облысында тойға барып, тамақтан уланғандар саны 112 адамға жетті. 94 адам астан ұшынып, ауруханаға түссе, қалған 18 адам медициналық көмектен бас тартқан.
-
11 Мамыр 2012, 19:00
Оңтүстік Қазақстан облысында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жолын салып жатқан 170-ке тарта жұмысшы бүгін жаппай ереуілге шықты. Олардың басты талабы — жалақыны көтеру.
-
10 Мамыр 2012, 19:00
Қарағанды облысында темір каска адам өліміне себепші болды. Жеңіс мерекесін ішімдікпен тойлаған достар темір касканы қалай тесуге болады деп дауласады.
-
10 Мамыр 2012, 19:00
Алматы облысының көлік жүргізушілері әлеуметтік желіде арнайы парақша ашып, билікке талап қойып жатыр. Олар Алматы-Қорғас бағытындағы тас жолды дереу жөндеу керектігін айтуда.
-
8 Мамыр 2012, 19:00
Бүгін түнде Алматы -Екатеринбор тас жолының 740-шы шақырымындағы Шет ауданының аумағында жол апаты болды. Жүйткіп келе жатқан шағын автобус қарсы бағытқа шығып КАМАЗ көлігімен соқтығысқан.
-
8 Мамыр 2012, 19:00
Алматыда жер дауы ушығып тұр. Бірнеше қала тұрғындары өздерінің ауласының айналасында кеңселер мен қойма ғимараттарын тұрғызуға қарсылық білдіріп шу шығарды. Соттың соңғы шешімі бойынша іс құрылысты жүргізгелі отырған кәсіпорынның пайдасына шешілген.
-
8 Мамыр 2012, 19:00
Оңтүстік Қазақстан облысында тағы да наразылық шарасы. Бұл жолы Сайрам ауданының жүзге жуық тұрғыны өз базыналарын айтып жатыр. Өйткені халық ішіп отырған ауыз суынан айырылып қалуы мүмкін.
-
8 Мамыр 2012, 19:00
Боливияда көлік жүргізушілері ереуілге шықты. Олар жұмыстарын тастап, Ла-Пас қаласының орталық көшелерін бөгеп тастады. Демонстранттар биліктің көлік қызметіне бақылауды күшейту жөніндегі шешіміне үзілді-кесілді қарсы.