Үшем дүниеге келген отбасына үш бөлмелі пәтер берілді. Астана қаласының әкімдігі уәдесінде тұрып көп балалы Аймағамбетовтарды бір қуантып тастады. Сөйтіп суық, әрі тар бір бөлмелі жер үйіне бармаймын деп екі айдан аса перзентханада жатқан Гүлназ бүгін қыздарын киіндіріп, жаңа пәтеріне асықты.
Отбасына бұйырған үй 2009–2010 жылдары берілген. Үшемнің әкесі Алматқа әкімдік үш үй ұсынып біреуін таңдауға мүмкіндік жасаған. Сөйтіп Аймағамбетовтарға 80 шаршы метрлік баспана бұйырды.
АЛМАТ АЙМАҒАМБЕТОВ:
«Қуаныштымын әрине, әкімдікке рахмет осындай баспана беріп жатыр. Туыстарым бәрі қуанып жатыр. Тек суық, міне өзіміз жылытып жатырмыз. Сосын қалай бергенін білмеймін, жалға ма, жалға болса ай сайын төлеу керек. Оған шамам жете ме төлеуге білмеймін».
Естеріңізде болса, көп балалы отбасы жайлы бұған дейінгі хабарымызда көтерген едік. Отағасы төрт баласымен сыз тартқан жер үйді паналап отырғанын, ал үшем туған Гүлназ сәбилерін ауыртып аламын деп қорқып, суық үйге барудан бас тартып перзентханадан шықпай қойған еді. Арнамыздан шыққан жаңалықтардан кейін қалалық әкімдік отбасын баспанамен қамтамасыз етеміз деп уәде берген болатын.
Астана