-
16 Мамыр 2012, 19:00
Шығыс Қазақстан мен Ресейдің шекаралас жеріндегі Семей орманының 10 гектары отқа оранды. Өршіген жалын өңірдегі өрт сөндірушілерге бой бермей, көрші мемлекеттің аумағына жақындап қалған.
-
15 Мамыр 2012, 19:00
Қарағандының «Бесоба» шағын ауданындағы барлық үйлер қиратылатын болды. Мұндай шешімді әкімдік апат орнын тексерген комиссия жұмысының қорытындысынан кейін қабылдады. Қала әкімі Бауыржан Әбдішевтің айтуынша, бұл баспаналарда тұру қауіпті.
-
15 Мамыр 2012, 19:00
Оңтүстік Қазақстан облысында ереуілге шыққан «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автодәлізін салушы жұмысшылардың еңбекақысы көтеріледі. Бұл туралы, қытайлық «Синохайдро» құрылыс компаниясының басшылығы мәлімдеді.
-
15 Мамыр 2012, 19:00
Өскеменде жол полициясының жұмысы көпқабатты үйдің тұрғындарының өміріне кедергі келтіріп отыр. Жол сақшылары кеңсесінің қасындағы үйдің ауласы өзіндік автотұраққа айналған.
-
15 Мамыр 2012, 19:00
Петропавлда гастарбайтерлерге арналған қонақ үй ашылды. Бұл жерге Орталық Азиядан жұмыс іздеп келген келімсектер тоқтайды. Аты қонақ үй болғанымен, кәдімгі сарайдан артықшылығы жоқ.
-
15 Мамыр 2012, 19:00
Бүгін таңертең Байқоңырдан «Союз ТМА-04М» ғарыш кемесі ұшырылды. Оның бортында Халықаралық ғарыш стансасына аттанған екі ресейлік ғарышкер — Геннадий Падалка мен Сергей Ревин, және америкалық астронавт Джозеф Акаба бар. Жоспар бойынша, орбита бекетіне «Союз» екі күннен кейін Астана уақытымен таңғы сағат 6-да жетуі тиіс.
-
15 Мамыр 2012, 19:00
Ақтөбедегі әуе институтының курсанттары енді теориялық білімдерін жақсы жабдықталған ұшақтарда тәжірибе жүзінде сынап көруге мүмкіндік алды. Қорғаныс министрлігі ведомстволық оқу орнына толық жөндеуден өткен 8 бірдей Л-39 ұшағын берді.
-
14 Мамыр 2012, 19:00
Оңтүстік Қазақстанда тойға барып, тамақтан уланған 58 адам бүгін ауруханадан шықты. Қазір олардың жағдайы тұрақтанған. Бұл туралы бүгін облыстың санитар-дәрігерлері мәлімдеді.
-
14 Мамыр 2012, 19:00
Алматылық оқушылар мектеп формасын әскери киімге айырбастады. Мектеп партасынан олар тікелей әскери полигонға аттанды. Енді олар бес күн бойы ата-аналарының жанынан жырақ жерде, рота командирлерінің қарамағында жаттығатын болады.
-
11 Мамыр 2012, 19:00
Өскемендіктер күл-қоқыспен күрестің жаңа әдісін қолдануда. Қаланының коммуналдық қызметі, атқарушы билік және полициядан құрылған жедел топ көшеге бей-берекет қоқыс тастайтындарға қарсы рейдке шықты.
-
11 Мамыр 2012, 19:00
Қазақстандық қырық мыңға жуық құрылыс компаниясы 1 тамыздан бастап, қызметтерін тоқтатуы мүмкін. Себебі, осы салаға қатысты бекітілген «Лицензиялау туралы» жаңа заңға сәйкес, енді барлығы аттестациядан өтіп, құжаттарын жаңалауы тиіс.
-
11 Мамыр 2012, 19:00
Ақтөбеде күл-қоқыстармен күресудің тиімді жолы табылды. Жергілікті билік қоқыс тастайтын контейнерлердің маңына бейне бақылау камераларын орнатып жатыр.
-
8 Мамыр 2012, 19:00
Тұрғын үй құрылысына бөлініп, бірақ пайдаланылмаған жерлер мемлекетке қайтарылатын болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы хабарлады.
-
8 Мамыр 2012, 19:00
Керекуліктер бүгін Отан соғысында қаза тапқан батыр ұлдарын қайта жерледі. Айта кетерлігі, жауынгердің сүйегі жетпіс жыл бойы Ресейдің Старая Русса қаласында жатқан.
-
8 Мамыр 2012, 19:00
«Өлі риза болмай, тірі байымайды». Елордалықтар Жеңіс мерекесіне орай, бүгін орталық қорымға жиналып, марқұм майдангерлерді еске алды. Жауынгерлердің зираттарына гүл шоқтарын қойып, артынша Құран бағыштады.