-
30 Наурыз 2012, 14:00
«Өмір сүру құқығы». Алматыда онкология бойынша үздік журналистік жұмыстарға жарияланған Республикалық байқаудың қортындысы шықты. 2011 жылдың қаңтар айынан бастап бұл шығармашылық бәсекеге 47 журналисттің жұмысы келіп түскен.
-
18 Мамыр 2011, 03:28
Қызылорда облысында тағы да төтенше жағдай. Секундына 25 метр жылдамдықпен соққан бұрқасынды дауылдың кесірінен Шиелі ауданында бас-аяғы 10-15 минуттың ішінде 500-ге тарта үйдің шатыры ұшып кеткен.
-
18 Мамыр 2011, 03:20
Осыдан үш жыл бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен «Нұрбанк» топ-менеджерлерінің мәйіттері табылды.
-
18 Мамыр 2011, 03:20
Елімізде адамдардың өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары тыйылар емес. Бүгін Қостанайдың бір тұрғыны көпірден секіріп өлмек болды.
-
1 Желтоксан 2009, 22:30
Бүгін де, билік тізгінін ұстағандар ертерек бас қосты. Тұс-тұстан топ құрып, өзара әңгіме айту күндегі әдеттері. Әйтеуір, ешкім ермексіз қалмайды. Мысалы, бүгін байланыс агенттігінің басшысы шахмат ойнаумен бас қатырды. "Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясының президенті Асқар Мамин осы отырыста оқитын баяндамасына дайындалуда.
-
1 Желтоксан 2009, 22:30
Апаттан соң дүниеге келген сәбиді анасы да туғандары да осы кезге дейін өлдіге санап келді. Тек кеше жетінші арна жаңалықтарын көріп отырып, нәрестенің тірі екенін біледі. Ағалары Байқалмен Қызырбек бүгін таң атысымын алып-ұшып жетті біздің арнаға. Дәрігерлердің ата-анасы баланы тастап кетті деген сөзі шындыққа жанаспайды дейді.
-
1 Желтоксан 2009, 22:30
«Аман-саулық» қорының телефонына тыным жоқ. Қазан айынан бері 150-ден астам науқас мұң шаққан. Барлығының айтатын уәжі бір. Тегін және жеңілдікпен берілетін дәрі-дәрмек іздеп сенделіп жүр.
-
1 Желтоксан 2009, 22:30
Көп асқанға бір тосқан. Біраз жыл бойы есірткі сатып, мол табысқа кенеліп жүрген Сүлеймановтар отбасының қыз-келіншектері темір торға қамалды.
-
1 Желтоксан 2009, 22:30
Тәуелсіздік алғалы бері еліміздің ауыр атлеттері бірінші рет төрт бірдей алтын медальға ие болды. Сөйтіп құрама команда әлем чемпионатында екінші тұғырдан көрінді.
-
30 Қараша 2009, 22:30
Күдікті банкті қалай тонайтынын бүге-шігесіне дейін ойластырып қойған. Ғимараттың есік-тесігін жете біліп алу үшін өткен жылы ол «Цеснабанктен» жалға депозитарий, яғни бағалы заттарды сақтауға арналған сейф алған. Бір айдан соң гаражының астынан банкке дейін үңгір қазуға кіріскен.
-
30 Қараша 2009, 22:30
«Қуат» корпорациясының мердігер компаниясынан зардап шеккен жұмысшылар үш жылдан бері жұмыссыз, жалақысыз қалған. Тиесілі ақшасына қол жеткізе алмағандар «Қуат» басшысы Олег Намға барудан шаршадық»,- дейді.
-
30 Қараша 2009, 22:30
Қазіргі уақытта кішкентай «Родино» ата-анасыз Алтай өңірінде тәрбиеленіп жатыр. Әзірге оған Ресей азаматтығы берілген жоқ. Дегенмен, оны әке-шешесі алып кете алмаған. Заң бойынша, баланы шекарадан өткізу үшін оның ата-анасы Монғол консулдігіне хабарласулары керек.
-
30 Қараша 2009, 22:30
Шығыс Қазақстанда тек соңғы 6 күнде ғана тұмауға шалдыққан адам саны 12 мыңнан асып кетті. Өткір респираторлық инфекция жұқтырғандардың тең жартысы, яғни 7,5 мыңы балалар. Тұмау күрт тараған ауылдағы ауруханаларда науқастарға орын жетіспей жатыр.
-
25 Қараша 2009, 22:30
Қазір Қызылорда қаласының өзінде бес мыңға жуық сәби балабақша кезегінде тұр. Жақында ғана олардың 300-ден астамы «Алтын ұя» үйіне орналастырылды. Бүгін президент пайдалануға берілген жаңа нысанды аралап көрді.
-
25 Қараша 2009, 22:30
Пойыздың жолақысы он пайызға шарықтауы мүмкін. Қазір акционерлік қоғамның ұсынысын, табиғи монополияларды реттеу агенттігі қарастырып жатыр. Акционерлік қоғамның алға тартатыны елімізде пойызда жүру ақысы, көршілес мемлекеттерге қарағанда төмен екен.