14:00 «Сегодня днем-Бүгін күндіз» рус/каз
Телепрограмма
Мамыр 2012
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31

Жаңалықтар
3 Ақпан 2012, 19:00

Жас ақындардың кітабы жарық көрді

Бүгін Қазақ Ұлттық академиялық кітапханасы алты бірдей, ақын-жазушының жаңа кітабымен толықты. Жас талант иелерінің өлеңдері мен әңгімелері жинағының 6 мың данасы жарық көрген. Ең бастысы тегін. Оған «Алтын қыран» қайырымдылық қоры демеушілік көрсетті. Бұл, ақындардың өздеріне ғана емес, оқырманға үлкен сыйлық болып отыр. Бүгін тырнақалды туындылардың тұсаукесеріне келген Әкім Тарази, Фариза Оңғарсынова сынды айтулы қоғам қайраткерлері кітаптардың мазмұнын жоғары бағалап отыр. Дегенмен, қазір елімізде кітап шығару үшін баспаханаларға қыруар қаржы керек. Сондықтан талантты, ақындардың өлеңдері сарғайып, шаң басып жатыр дейді Фариза Оңғарсынова.

ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА - АҚЫН:
«Әрқайсысы миллиондап, ақша сұрайды, жастар түгілі мен кітап шығара алмаймын. Қырық мың теңгедей ме, зейнетақым бар, бұл үлкен мәселе деп ойлаймын. Кітап шығару мәселесін Парламентке ме ұсыну керек».

Шығармашылық кеште кітап авторлары Ерлан Жүніс, Құлтөлеу Мұқаш, Серік Сағынтай, Мирас Асан секілді дарынды, ақын-жазушылар жиналғандарға өлеңдерін оқып берді.

Астана

Индира Жылқайдарова


Пікір

Соңғы RSS
көп оқылатын