14:00 «Сегодня днем-Бүгін күндіз» рус/каз
Телепрограмма
Мамыр 2012
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31

Жаңалықтар
10 Ақпан 2012, 19:00

Лаңкес қолға түсті

Қырғызстанда «Жайшуль Махди» лаңкестік тобының іздеуде жүрген мүшесі қолға түсті. Данияр Қадырәлиев Ұлттық Қауіпсіздік Мемлекеттік Комитетінің лаңкестікке қарсы жүргізген арнайы операциясы кезінде ұсталды. Жедел-іздестіру шаралары барысында Бішкек маңындағы үйлердің бірінен қару-жарақ қоймасы табылды. Қаруды күдіктінің өзі жасырғанықталды. 1 калашников автоматы мен 312 дана оқ, қолдан жасалатын жарылғыш құрылғының бөлшектері және аммонитті шашкалар тәркіленді. Қолға түскен айыпты бірден Қырғызстан Ұлттық Қауіпсіздік Мемлекеттік Комитетінің терегу изоляторына қамалды. Аталмыш оқиғаға қатысты жедел-тергеу шаралары әлі жалғасып жатыр.

НҰРЛАНБЕК ТОҚТАЛИЕВ - ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ ҰҚМК ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
«Қазіргі таңда аталмыш лаңкестік топтың өзге мүшелері мен оларға көмек көрсетіп жатқандардың қайда жүргені белгілі. Барлығы жоспардағыдай жүзеге асса, жуық арада оларды да қолға түсіреміз».

Күдікті 2010 жылы Бішкектегі Спорт сарайы жанындағы жарылысты ұйымдастырды және Бішкек Ішкі істер мемлекеттік басқармасы маңында лаңкестік жасауға әрекет етті деп санайды құқық қорғаушылар. Бұдан бөлек, АҚШ азаматына қарулы шабуыл жасады және Ішкі істер басқармасының 3 қызметкерін өлтірді деп айыпталуда.

Қырғызстан

Айсамал Әбілхан


Пікір

Соңғы RSS
көп оқылатын