-
16 Мамыр 2012, 19:00
Бүгін бүкіл әлем жұртшылығының жағасын ұстатқан сұмдық оқиға АҚШ-тың Флорида штатындағы Порт-Сен-Джон қаласында болды. Тоня Томас есімді 33 жастағы жалғыз басты әйел өзінің 4 баласын атып өлтіріп, артынша өз-өзіне қол жұмсаған.
-
16 Мамыр 2012, 19:00
Сирияда Біріккен Ұлттар Ұйымының бақылаушыларына шабуыл жасалды. Идлиб провинциясында белгісіз біреулер бітімгерлік топ мүшелері мінген көлік кортеджіне оқ жаудырады. Бақылаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Бірақ автокөліктерге қатты зиян келді.
-
16 Мамыр 2012, 19:00
Индонезия астанасы маңында апатқа ұшыраған ресейлік «Сухой Суперджет-100» ұшағының қара жәшігі табылды. Экипаж мүшелерінің сөзін магниттік таспаға жазатын құрылғыны құтқарушылар Салак тауындағы тереңдігі 500 метр сайдан алып шыққан.
-
15 Мамыр 2012, 19:00
АҚШ-тың Аризона штатында орманды алқаптар жанып жатыр. Соңғы мәліметке жүгінсек, 3 тәуліктің ішінде 2 мың гектар жер өртеніп кеткен. Тілсіз жаумен күресуге жүздеген өрт сөндіруші мен арнайы техника жұмылдырылды.
-
15 Мамыр 2012, 19:00
АҚШ-тың Пенсильвания штатында йогамен айналысатын 93 жастағы әжей тұрады. Үнділердің ежелгі мәдениетін ермек еткені өз алдына, ол жаттығуларды жастарға үйретеді.
-
14 Мамыр 2012, 19:00
Ливанның Триполи қаласында сүнниттер мен шиіт-алавиттер қақтығысып қалды. 4 адам қаза тауып, 20-дан астам адам түрлі дене жарақатын алған.
-
14 Мамыр 2012, 19:00
Қытайдың солтүстік-батысында бірнеше күн бойы толасыз жауған жаңбырдың соңы су тасқынына ұласты. Апаттан әсіресе таулы аймақта орналасқан Миньсянь уезі зардап шекті.
-
14 Мамыр 2012, 19:00
Испанияның бірнеше қаласында «Наразылар қозғалысы» жаппай шеру ұйымдастырып жатыр. Ереуілге шыққан адам саны 100 мыңға жеткен. Жоспар бойынша жексенбіде басталған шеру 3 күнге созылмақ.
-
11 Мамыр 2012, 19:00
Мысырда ел тарихында алғаш рет президенттікке үміткерлер теледебатқа қатысты. Сөз сайысы негізгі екі бәсекелес арасында өтті. Олар — ішкі істер ведомствосының экс-министрі, Араб елдері лигасының бұрынғы бас хатшысы Әмір Мұса мен «Мұсылман бауырлар» қозғалысының бұрынғы өкілі, исламшыл Әбдел Фотух.
-
11 Мамыр 2012, 19:00
Индонезияда апатқа ұшыраған «Сухой Суперджет-100» лайнерінде қаза болған 14 адамның денесі табылды. Қазір Салак тауының етегінде құтқарушылар тобы үздіксіз жұмыс істеп жатыр. Әзірге қайғылы оқиғаның не себептен болғандығы белгісіз.
-
10 Мамыр 2012, 19:00
Индонезияда апатқа ұшыраған ресейлік ұшақтан, құтқарушылар қаза болғандардың денелерін тапты. Әзірге тірі қалғандар туралы ешқандай мәлімет жоқ.
-
10 Мамыр 2012, 19:00
Мәскеуде «Солшылдар майданы» қозғалысының жетекшісі Сергей Удальцов пен оппозициялық блоггер Алексей Навальный 15 күнге түрмеге жабылды.
-
8 Мамыр 2012, 19:00
Коста-Рика шекарашылары жүк машинасына жасырылған 2 миллион долларды тапты. Тергеу барысында бұл ақша есірткі бизнесіндегі қылмыскерге тиесілі екені анықталды.
-
8 Мамыр 2012, 19:00
7 жылға түрмеге жабылған Украинаның бұрынғы үкімет басшысы Юлия Тимошенконы неміс дәрігерлері емдейтін болды. Арқасының ауырғанына шағымданған Тимошенко жергілікті мамандардың көмегінен бас тартқан болатын.
-
8 Мамыр 2012, 19:00
Бразилияның солтүстік-батысында орналасқан 36 елді мекенде төтенше жағдай жарияланды. Амазонас штатында соңғы бір айдың ішінде толассыз жауған жаңбырдың соңы тасқынға ұласты.