Шымкентте атқарушы билік пен құрылыс базарындағы саудагерлер арасында дау шықты. Әкімдік үш күн ішінде базарды босатуды талап етіп отыр. Бірақ, кәсіпкерлер бұл бұйрыққа бағынғысы жоқ. Тіпті соттасуға дайын.
Әкім мен кәсіпкерлерді дауластырған жер дауы. Себебі, шымкенттік атқарушы билік құрылыс базарын қаланың бас жоспарынан бір күнде сызып тастаған тәрізді. Базарға кірудің өзі мұңға айналған. Әкімшілік есіктен кіруге тыйым салатын белгілер орнатып қойған. Қаланың өрт сөндіру қызметі, салық комитеті мен тазалықты қадағалаушы мамандары екі аптадан бері кәсіпкерлердің құжаттарын, сауда нысандарын тексеріп әуре. Билік шүйліккен сайын саудагерлердің де қарсылығы күшейе түскендей.
Дегенмен,
Бақытжан Әшірбеков — Еңбекші ауданының әкімі
«Тұрған жеріміз іс жүзінде көгалдандыруға беріледі. Көгалдандыру жүргізілмеген. Одан ғимараттар сауда үйіне берілген. Іс жүзінде сауда үйінің құрылысы жүргізілмеген. Жер нысаналы пайдаланбаған».
Саудагерлер базардан кетуге дайын. Тек басқа базардан орын бөліп берсін немесе өтемақы төлесін деген талап қоюда. Алайда, аудан әкімшілігінің бұл талапты орындауға құлқы жоқ. Сондықтан күн көрісінен айырылып сенделіп қалу қауіпі төнген 100 саудагер енді аудандық әкімшілікті сотқа бермек ниетте. Бірақ, оған дейін жергілікті билік тәртіп сақшыларының көмегімен саудагерлерді базардан күштеп қуып шықпақ.
Шымкент