Еліміздің сыртқы істер министрі Лондондағы жол ережесін бұзғыш елшілік қызметкерлерінің мәселесімен енді өзі айналыса бастады. Ержан Қазыханов Ұлыбританияға сапары барысында дипломаттардың жаңа автотұрағымен танысып шықты. Себебі, жақында Қазақстан елшілігі Трафальгар алаңындағы жаңа кеңсеге көшпек. Алайда, Ұлыбританиялықтар біздің елшілерге автотұрақтар салып, арнайы жағдай жасаса да, олар заңға бас июге ә
Ержан Қазыханов — ҚР сыртқы істер министрі
«Жаңа ғана ғимаратты көрдім. Қазір онда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Мен оның жобасымен таныстым. Көлік қоятын орындар жеткілікті екен. Ал, ереже бұзған қызметкерлерге қатысты мен биыл айтарлықтай шара қолданғаным жоқ. Мұндай қылықтарды кешіре беруге болмайды».
Алайда, сыртқы істер министрі енді мұндай жағдай қайталанар болса, онда елшілердің өздері тікелей жауап беретіндігін ескертті.Айта кетейік, жақында ғана біздің елішлілік қызметкерлері жол ережесін бұзғаны үшін Лондон билігіне 60 мың доллар айыппұл төлеген болатын.
Кенже Кәрібаева
Лондон