қазір Убойной ночи
 01:00 Теңіз сақшылары (Водяные крысы)
Телепрограмма
Ақпан 2012
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29

Жаңалықтар
21 Шілде 2011, 19:00

«Ақтөбе» «Кечкеметті» қабылдайды

Ал тағы бір қазақстандық команда «Ақтөбе» дәл осы турнир аясындағы венгриялық «Кечкеметпен» кешкі сағат 22:00-де қармыта кездесуін өткізеді. Алғашқы ойын 1:1 есебімен аяқталған болатын. Қонақтар келесі айналымға өту үшін бүгін шабуылдаумен болатыны анық. Ал «Ақтөбе» болса өз жанкүйерлерінің алдында қорғаныста отырмайтыны белгілі. Сондықтанда кездесу тартысқа толы болайын деп тұр. Владимир Мухановтың командасында жарақат алған ойыншылар жоқ. Толық құрамда кездесуге дайын. Ал «Кечкемет» сапында алғашқы ойынға қатыспаған негізгі шабуылшы Атилла Тёколи жарақатынан сауығып шықты. Букмекерлік кеңеселер осы жұпта «Ақтөбені» фаворит деп санап отыр.

Владимир Муханов — «Ақтөбе» ФК бас жаттықтырушысы
«Меніңше өте қызықты ойын болайын деп тұр. Екі команда да жарыстың келесі кезеңіне шығуға дәмелі. Ойыншылар барын салып ойнайды деп ойлаймын. Ең бастысы эмоцияға берілмей, өзімізге лайықты нәтижені алып беретіндей ойын өрнегін көрсетуіміз керек».

Томислав Сивич — «Кечкемет» ФК бас жаттықтырушысы
Бірінші кездесуден кейін сабақ алып, қорытынды жасадық. Тактикаға өзгеріс енгіздік. «Ақтөбеге» қарсы ойнау оңай шаруа емес. Алайда біз жеңіске жетуге тырысамыз. Егер-де «Ақтөбе» Венгрия чемпионатында ойнаса көшбасшылар қатарында болар еді деп ойлаймын.»
Жігер Әзберген

Ақтөбе

Жігер Әзберген


Пікір

Соңғы RSS
көп оқылатын