Жаңалықтар
21 Шілде 2011, 19:00
«Тур де Франс»
«Астана» велокомандасының шабандозы Паоло Тиралонга үшін «тур де Франс» велокөпкүндігінің 17-ші кезеңі сәтсіз аяқталды. Мәреге шамамен 58 шақырымдай қалғанда спортшы жарыс жолынан шығып қалды. Тираның асқазаны сыр берген. Осылайша «Астана» сапында тоғыз шабандоздан жетеуі ғана қалды. Ал кезеңге келетін болсақ «Sky» командасындағы норвегиялық Эдвальд Боассон Хаген мәреге бірінші болып жетті. «Астаналық" Дмитрий Фофонов алтыншы, «Team RadioShack» ұжымындағы отандасымыз Дмитрий Муравьев сегізінші нәтиже көрсетті. Жалпы есепте «Team Europcar» командасының саңылағы Томас Фоклер көш бастап келеді.
Жігер Әзберген
Италия
Жігер Әзберген
Пікір