қазір Теңіз сақшылары (Водяные крысы)
 03:00 Extreme makeover: home edition (Баспана Бабы)
Телепрограмма
Ақпан 2012
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29

Жаңалықтар
11 Тамыз 2011, 19:00

АЙНҰР АХМЕТОВАНЫҢ АНАСЫ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНАН КӨМЕК СҰРАДЫ

АҚШ ауруханаларының бірінде ес-түссіз жатқан қазақ студенті Айнұр Ахметованың анасы мемлекет басшысынан көмек сұрады. Бағытай Ахметова баласын Қазақстанға жасанды тыныс алу аппаратынан ажыратпай жеткізуін өтініп отыр. Америка дәрігерлеріне сенімсіздік танытқан ана, қызын Астанадағы нейрохирургия реуспубликалық орталығының мамандарына қаратпақшы.

БАҒЫТАЙ АХМЕТОВА АЙНҰР АХМЕТОВАНЫҢ АНАСЫ:
«Нұрсұлтан Әбішұлына және Қазақстан үкіметіне қызымды Америкадан елге, аппараттан өшірмей әкелуге көмектесуін өтінем. Оны мұнда өзіміздің дәрігерлерге қаратуды қалаймын. Америка, ақ халаттыларына сенбеймін, себебі олар екі түрлі сөйлейді».

Естеріңізге салайық, тамыздың екісі күні Айнұр Ахметова Американың Ярмут қаласында қонақ үйдегі бассейнде ес-түссіз жатқан жерінен табылған болатын. Ауруханаға жеткізілген ол, әлі есін жиған жоқ. Миы мүлдем жұмыс істеуін тоқтатты деген, АҚШ дәрігерлері оны жасанды тыныс алу аппаратынан ажыратпақ. Тіпті, қазақ қызының мүшелерін «донор» ретінде пайдалануға туыстарынан рұқсат сұраған. Бірақ, бұған туыстары түбегейлі қарсылық танытып отыр.

Павлодар

Хасен Молдабаев


Пікір

Соңғы RSS
көп оқылатын