Жаңалықтар
9 Тамыз 2011, 19:00
Воскобоева Канадада екінші айналымға шықты
Қазақстанның бірінші ракеткасы Галина Воскобоева Торонтодағы Premier Rogers Cup-2011 санатындағы турнирде сенсация жасап, екінші айналымға шықты. Іріктеуден сұрыпталып шыққан ол, негізгі сында француз қызы Марион Бартолиді жерге қараты. 1 сағат 15 минутқа созылған ойынның қорытындысы 6:3, 6:3. Әзірше жерлесіміздің ендігі қарсыласы анықталған жоқ. Канададағы турнирдің жалпы жүлде қоры 2 миллион, АҚШ долларынан асады.
Канада
Пікір