қазір Теңіз сақшылары (Водяные крысы)
 03:00 Extreme makeover: home edition (Баспана Бабы)
Телепрограмма
Ақпан 2012
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29

Жаңалықтар
28 Маусым 2011, 19:00

Журналисттер одағы «Tengrinews.kz» порталын марапаттады

Бүгін Алматыда ең үздік журналистер марапатталды. Қазақстан журналистер одағының басқармасы жариялаған республикалық байқауда «Казинпресс» редакциялық баспа тобы   «Tengrinews.Kz» интернет порталының шығармашылық ұжымына Амангелді Ахметәлі атындағы сыйлықты тарту етті.     

 

Журналистер Одағының басқармасы «Tengrinews.Kz» ұжымының жылдам және нақты ақпараттық қызметіне жоғары баға беріп отыр. Интернет-порталдың ерекшелігі  әр 2 минут сайын жаңа деректермен толығып, оқырмандарына эксклюзивті суреттер,үн таспа,бейне көріністер ұсынады. Әзірге елең еткізер әлемдегі оқиғаларды қалт жібермейтін ұжым небәрі 8 айда отандық ғаламтордағы БАҚ арасында бірінші орында тұр.

 

Батыр Қазыбаев - «Алаш Медиа Групп» бас директоры

«Бастапқыда тәулік бойы ақпаратпен толығатын және жаңалықты ең жылдам жариялайтын портал ашуды ойластырғанбыз. Біздің ерекшелігіміз  әр 2 минут сайын жаңалықты жаңартып отыратын ТМД аумағындағы жалғыз ақпараттық портал. Яғни ,әлемдегі кез-келген оқиғаны    Tengrinews.Kz»  сайтынан ғана табасыз».

 

Бүгін осы жиында Журналистер Одағының төрағасы Сейітқазы Матаев интернет төңірегінде қызу пікіріталасқа қатысты өз ойын білдірді. Оның ойынша, ғаламторды бақылау немесе экстремистік, эротикалық бейнекөріністердің таралуын шектеу мүмкін емес. Матаев оның бірден- бір жолы электр қуатын өшіру деп бір-ақ кесті.

Алматы



Пікір

Соңғы RSS
көп оқылатын