қазір Теңіз сақшылары (Водяные крысы)
 03:00 Extreme makeover: home edition (Баспана Бабы)
Телепрограмма
Ақпан 2012
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29

Жаңалықтар
28 Маусым 2011, 19:00

Полицейлерге қариялар көмектеспек

Петропавлдық полицейлердің қатарына ақ жаулықты әжейлер қосылып жатыр. Тәртіп сақшылары олады  «Көршілердің қамқорлығы» атты жоба аясында қоғамдық тәртіпті бақылауда әріптес болуға шақырды. Тіпті «аула  тыңшыларының» арнайы белгісі де ойластырылып қойған.

 

Әжелерге алақанымен көпқабатты үйді аялап тұрған сурет бейнеленген мата таратылмақ.  Полицейлердің жаңа көмекшілері, өздері тұратын аулаларын қатаң бақылауға алады. Үйдің маңайын келген күдікті қонақтар мен бұзақылар жайында олар полиция бөлімшесіне хабарлап отырады. Тәртіп сақшылары, әжейлерге арнайы телефон желісі мен жеке оператор бөлуді уәде етіпті. Осындай жүйе Еуропада бұрыннан бар, ал елімізде алғаш рет енгізіліп отыр. Бұл жоба алдымен қаланың  орталығы мен шеткі аймағында жүзеге асырылмақ.

 

Любовь Василенко - «Зенит» ПИК төрайымы

«Бұл бізге бірлесе жұмыс істеуге көмектеседі. Ішімдік, нашақорлықпен күресуге, аулада тәртіп пен тазалықты ұстауға септігін тигізетіні сөзсіз».

 

Анатолий Голованов - учаскелік инспектор 

«Бұл жүйе көршілердің бір-біріне деген көмегі деп қабылдау керек. Ол енгізілетін жерлерде  заң бұзушылық  азаяды деп болжаймыз».

 

Қазір полицейлер ақ жаулықты  әріптестерін іздеп, үгіт - насихат  жұмыстарын жүргізіп жүр.

Петропавл

Хасен Молдабаев


Пікір

Соңғы RSS
көп оқылатын