Галина Воскобоева «Уимблдон» додасының іріктеу бәсекесінің екінші айналымына шықты. Қазақстандық теннисші польшадан барған Магда Линетті екі сетте тізе бүктірді. 7:5, 6:3. Енді Воскобоева франциялық Натали Пикьонмен шеберлік байқасады. Ал тағы бір отандасымыз Сесиль Картанчева ресейлік Арина Родионовадан ұтылып қалды. Айта кетейік маусымның 20-да Яросалва Шведова, Михаил Кукушкин мен Андрей Голубев «Уимблдонды» бірден негізгі сыннан бастайды.