қазір Убойной ночи
 01:00 Теңіз сақшылары (Водяные крысы)
Телепрограмма
Ақпан 2012
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29

Жаңалықтар
10 Маусым 2011, 19:00

Жас орман жаңа аң-құстармен толықты

Астана маңындағы орман бүгін жаңа аң-құс түрлерімен  толықты. Жасыл аймаққа  еліктер мен қырғауылдар жіберілді. Қазір мұнда  қайың, қарағай терек сияқты ағаштар өсіп жатыр. Енді орман ішінен демалыс орталығы ашылмақ.

 Осылайша Астана маңындағы орманға 50 қырғауыл жіберілді. Құстар арнайы торларда күтіп-баптаған. Қазір қырғауылдың тағы 250 балапаны өсіріліп  жатыр. Кейін оларды да осында әкелу жоспарланып отыр. Ал еліктердің орманға әзірге 5-уі жіберілді.

 «Біздің қаламыздың өзі ғана әдемі емес, төңірегінде орман өсіп келе жатыр. Мына жақтан Бурабайға дейін жолдың екі жағын біз қостық. Ендігі мақсат енді 55 мыңды ортаға салсақ, жалпы орман өзін-өзі сақтайтын болады».

 Сондай-ақ, Қорғалжын тас жолының бойында орналасқан орман ортасынан, демалыс орны ашылмақ. Вело жол салынып, велосипедтер жалға беріледі деп жоспарланып отыр. 

 Хасен Молдабаев - тілші

«Вело жолдың ұзындығы 12 шақырымға созылмақ. Жұмысшылар мұндағы құрылысты бірнеше айдың ішінде аяқтауды жоспарлап отыр. Демалыс орны пайдалануға берілген соң, Астана тұрғындары осында келіп, таза ауа жұтып, жайлы жолда велосипед тебе алады».

 Әзірге велосипед жолының 2 шақырымы ғана салынды. Құрылысшылар тыңбай еңбек етуде. Демалыс орнын белгіленген мерзімде пайдалануға беру үшін.

Ақмола облысы

Хасен Молдабаев


Пікір

Соңғы RSS
көп оқылатын