қазір Теңіз сақшылары (Водяные крысы)
 03:00 Extreme makeover: home edition (Баспана Бабы)
Телепрограмма
Ақпан 2012
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29

Жаңалықтар
27 Тамыз 2010, 22:30

Топан судан зардап шеккендер көмекке зәру

Оңтүстік Қазақстан облысында үйлерін су басқан азаматтар, ауылды тастап кетіп жатыр. Өйткені табиғи апаттан, соң «баспана салып береміз» деген, билік, уәдесінде тұрмады. Тіпті әлі қаржы да, бөлінбеген. Қазірдің өзінде, Түркістан қаласындағы бүтіндей бір ауылды, 50 отбасы тастап кеткен. Ал Сарыағаш ауданында, баспанасын топан су басқан жұрт, жер шатырларда тұрып жатыр. Меншікті тілшіміз толықтырады.

Тіршілік қыз-қыз қайнап жататын Сырдария ауылының бүгінгі сиқы бұл. Көктемдегі су әлі жерге сіңе қойған жоқ. Биліктен де қайыр болмаған соң халық үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Тек мал-жанын қимаған бір отбасы ғана ауылда қалған. Өзгелері туған туысты жағалап жүр.

Ольга Гейд осы үйде шықпа жаным шықпа мен күнелтіп келеді. Бүгінге дейін қандай да бір көмек болар деген үмітін үзбеген.

Ольга Гейдт - Сырдария ауылының тұрғыны

«БТИға жіберіп отыр, БТИ әкімдікке, әкімшілік сотқа, қай уақытта бітеді, қай уақытта решение болады. Білмейміз. Кім шақырса, кім торғам нан берсе соның үйінде отырмын».

Ал бұл Сарыағаш ауданының Құркелес ауылы. Көктемдегі топан судың салдарынан Есет Шекеровтің үйі құлап қалған еді. Әлі де сол күйі жатыр. Өз күшімен баспананы тұрғызуға шамасы келмейді.

Есет Шекеров - Сарыағаш ауданының тұрғыны

«Там салып береміз деген одан нәтиже жоқ. Енді август келді оқу бар немерелер оқиды. Оған енді қашан там саламыз. Қанша ақша береді, оның мәлімі жоқ».

Қазір Сарыағаштықтар облыстық әкімдік тарапынан берілген мынадай шатырларды паналап келеді. Күнгейде әлі күн күйдіріп тұр. Сондықтан біраз тұрғын жер шатырды тастап пәтер жалдай бастаған.

Нағима Есманова - Сарыағаш ауданының тұрғыны

«Осы жерде мына ыстықта жату мүмкін емес, балдарымыз да аурып. Өзіміз әрең күн көріп жатырмыз».

Жергілікті билік тағы уәде берді. Қаржы бүгін ертең аударылуы тиіс. Ал кешіктіріліп берілуіне тұрғындардың өздері кәніл болып шықты.

Кенжехан Төлебаев - ОҚО апаттардың алдын алу және ұйымдастыру басқармасының бастығы

«Бұл жағдайлардың барлығын ертерек беруге болатын еді. Бірақ, бұл азаматтардың өзінің тұрғын үйлерінің құжатты түгел болмауы. Кей бір азаматтардың тұрғын үйлерінің паспортының болмауы, қолбайлау болды. Кей бір үйлердің тіптен құжаты болмауынан сотқа беріп, сот оның құқығын анықтап беріп осы күнге дейін уақыт кетті».

Ал, түркістандықтардың мүлдем құжаты жоқ. Сондықтан оларға әзірге қаржы берілмейтін болыпты. Бұл кезде Сарыағаштан суыт хабар келді. Аптап ыстықта жер шатырда жатқан бір адамның жүрегі сыр беріп, қаза тауыпты.

Оңтүстік Қазақстан облысы

Илхам Базартайұлы


Пікір

Соңғы RSS
көп оқылатын