Оңтүстік Қазақстан облысында, екі геолог маман, із-түссіз жоғалып кетті. Олардың Созақ ауданына сапарға аттанғанына, 5 тәулік болыпты. Белгілісі, геологтар отырған көлік, 22-інші тамыз күні, істен шыққан. Сөйтіп, екеуі, көмек іздеп кетіпті. Содан бері, байланыс та үзілген. Қазір геологтарды іздестіруге, құтқарушылар тобы жұмылдырылды.
Құралай Тоқтарбекқызы - ОҚО ТЖД баспасөз хатшысы
«ОҚО Созақ ауданының аумағында іздестірілу үстінде, және де Қарағанды облысы Ұлытау ауданының аумағында да іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл Жезқазған қаласынан тікұшақпенен шұғыл құтқару тобы шыққан болатын. Бүгінгі таңға дейін іздестіру жұмыстары жүргізілуде, әлі нәтиже берген жоқ».
Оңтүстік Қазақстан облысы