Италияның Сиена қаласында, орта ғасырдан бері келе жатқан Пиело мерекесі тойланып жатыр. Той-думанның қызған шағында қаланың 17 ауданы атынан шыққан шабандоздар бәйге ұйымдастырды. Сайыскерлер асау жабағыларға ер-тоқымсыз жайдақ мініп, орталық алаңды 3 рет айналып келуі қажет. Талап бойынша, мәреге бірінші болып жеткен шабандоз қаланың құрметті тұрғыны болып танылып, ақшалай сыйлыққа ие болады. Аталмыш мерекені халықтың үлкені де, кішісі де демін ішке жинап тамашалайды.
Сиена қаласы 14 ғасырда аудандарға бөлініп кеткен еді. Олардың барлығы бір әкімшілікке қарасты болғанымен, осы күнге дейін бір-біріне бәсеке. Бұл жолғы бәйгені Тартука ауданының шабандозы жеңіп алды. 41 жастағы Гиги Бручелли осындай бәйгені 12-ші рет ұтып отыр. Бәйге аяқталса да, той-думан жалғасуда.
Италия