Колумбияда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. 100-ден астам жолаушының барлығы аман. Оқиға Сан-Андрес аралының әуежайында болған. Найзағай түскенін экипаж командирі диспетчерлерге де хабарлап үлгірмеген. Ауежайга қонайын деп келе жатқан лайнер көзді-ашып жұмғанша жерге құлап, қақ бөлініп қалды.
Мария Каролина Карилло - жолаушы
«Мұндай болатыны ешкімнің ойында болған жоқ. Күтпеген жайт болды. Себебі, ұшақтың өзі де техникалық ақаулар болған жоқ. Тек жерге қонайын деп келе жатқанда, бірдеңе тарс ете қалды. Ұшақ үшке бөлініп қалды. Жолаушылардың барлығы дереу сыртқа шығарылды».
Көпті көрген мамандардың өздері мұндай апаттан аман қалу екіталай деп отыр. Тек, бір қарт әйелдің оқиғадан қатты шошынғаны соншалық жүрек талмасына ұшыраған. Бірнеше сағат өткен соң ол ауруханада қайтыс болды. Қазір жан сақтау бөлімінде қатты жараланған 5 адам жатыр. Жергілікті «Aires» әуекомпаниясына тиесілі бұл лайнердің бортында бас-аяғы 131 адам болған.
Колумбия