қазір Теңіз сақшылары (Водяные крысы)
 03:00 Extreme makeover: home edition (Баспана Бабы)
Телепрограмма
Ақпан 2012
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29

Жаңалықтар
17 Тамыз 2010, 22:30

Депутаттыққа үміткерлер көбейді

Сондай-ақ, Қырғызстанда депутат мандатына үміткерлер көбейді. 57 партия бірлестігі қазанның 10-да өтетін парламенттік сайлауға қатысуға ниет білдірген. Бірақ Орталық сайлау комиссиясы бірнеше саяси ұйым сайлауалды сайыстан шығып қалуы мүмкін деп отыр. Әрі додаға түсетін партиялар бірқатар шарттарды орындауы тиіс. Гүлбарам Меңдееваның материалында.

Қыруар партия Қырғызстан парламентінен орын алуға дәмелі. 57 бірлестік орталық сайлау комиссиясына науқанға қатысатыны туралы хабарлама жіберген. Бұл рекордтық көрсеткіш. Орталық сайлау комиссиясының мүшелері мұндай ел тарихында бұрын-соңды болмаған деп отыр. Олардың арасында тіркеу мерзімінің аяқталуына жақын қалғанда құрылған партиялар да бар.

Женишбек Акматов - Қырғыз орталық сайлау комиссиясының мүшесі

«Олар қатысуға ниет білдірді. Ал сайлау додасына нақты қандай партиялар қатысатыны қыркүйектің 10-да белгілі болады».

Орталық сайлау комиссиясындағылар шын мәнінде небәрі 15-20 партия ғана тіркеуден өте алады деп отыр. Елдегі жетекші партиялардың саны бес-алтау. Оларды уақытша үкімет мүшелері басқарады. Сайлауға қатысу үшін тіркелу жеткілікті емес. Партия кем дегенде 10 мын долларды құрайтын сайлау қорын құруы тиіс. Съез өткізіліп, партия жеңіске жеткен жағдайда, депутат мандатына сайланатындар тізімі жасалуы қажет.

Амангелді Муралиев - Қырғыз премьер-министрінің бірінші орынбасары

«Депутаттар сайлауын сәтті өткізу - мемлекеттік органдар ісін құқықтық жолға көшіру деп есептеген дұрыс. Бұл шын мәнінде тарихи оқиға болмақ».

Осымен жарты жыл болды, Қырғызстанда биліктің заң шығарушы жүйесі жоқ. Ал ол үшін ел президенті мен үкімет парламенттік сайлауды сәтті өткізуі тиіс. Дәл қазір сайлаудың нәтижесін ешкім дөп басып айта алмайды. Елдегі жағдай әлі күнге дейін тұрақсыз. Сондықтан сайлау қорытындысына көңілі толмағандар елде тағы бүлік шығармасына ешкім кепілдік бере алмай отыр.

Қырғызстан

Гүлбарам Меңдеева, Кристина Груздова


Пікір

Соңғы RSS
көп оқылатын