қазір Теңіз сақшылары (Водяные крысы)
 03:00 Extreme makeover: home edition (Баспана Бабы)
Телепрограмма
Ақпан 2012
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29

Жаңалықтар
11 Тамыз 2010, 22:30

Алапат тасқын үлкен шығын әкелді

Алапат тасқын, Орталық және Шығыс Еуропаның қалалары мен, елді-мекендерін шайып кетті. Қазір, ол, кәрі құрлықтың оңтүстігіне ойысты. Испанияға нөсер жаңбыр мен, күшті дауыл жетіп, ірі тас жолдарын, су басып, көлік қозғалысына үлкен кедергі келтіруде. Ал, Германия, Польша, Австрия, Чехия мен Литва, тасқыннан келген, шығынды есептеп жатыр.

Польшада Богатыня және Сгожевец қалалары су астында қалды. Көлік және темір жолдарын су шайып кеткен. Құтқару жұмыстарына өрт сөндірушілер, полиция мен әскерилерден басқа, тіпті сотталған адамдар да тартылды.

«Су деңгейі төмен сияқты еді. Ішке кіріп, үйдегілер айтып, 5 минутта келсек, су лезде көтеріліп кетіпті».

Төтенше апатқа орай, сейм мен сенат депутаттары жазғы демалыстарын тоқтатты. Олар көктемдегі тасқыннан зардап шеккендерге көмек беру туралы заңға өзгерістер енгізуі қажет. Енді, бұл тізімге қазіргі апаттан жапа шеккендер қосылмақ. Парламент отырысы ертең өтеді. Ал, үкімет қазірдің өзінде жәрдемақы бөліп жатыр.

Дональд Туск - Польша премьер-министрі

«Үкімет тасқын зардабын жою үшін жарты миллиард злотый бөлді. Ол 30 мың шаруа қожалығы мен 100 мыңнан астам адамға берілді».

Германияның шығысындағы кішігірім өзендер алып каналдарға айналды. Мұндағы Нейсе өзенінің деңгейі рекордты көрсеткіш - 7 метрге жеткен. Құм толтырылған ауыр қаптар алапат суға тосқауыл бола алмады.

Чехияда соңғы тәуліктер ішінде бір айда жауатын жаңбыр түсті. Өзендер арнасынан асып, мыңдаған үйді шайып кетті. Алдын ала есеп бойынша, тасқыннан 250 миллиард доллар шығын келген.

Германия

Польша

Чехия

Ернат Рахметолла


Пікір

Соңғы RSS
көп оқылатын