Қостанайда қыздар боксынан Социалистік еңбек ері Кәмшат Дөненбаева атындағы халықаралық турнир өтуде. Бәсеке тұңғыш рет жалауын көтерді. Биылғы додаға Қазақстанның 10 қаласынан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Үндістаннан спортшылар жиналды. Кәмшат Дөненбаева да шаршы алаңдағы ұрыстарды тамашалады. Ұлттық құрама осы жарысқа мықты спортшыларын қосты. Өйткені Қостанайдағы турнир қыркүйек айында өтетін әлем чемпионаты және қарашада бастау алатын Азия ойындарына негізгі дайындық ретінде қарастырылып отыр. Жарыс сенбі күні аяқталады.
Қостанай