Қала іргесінде тұрмақ, Астана тұрғындары 100 пайыз сумен қамтамасыз етілмей отыр. Сапалы ауызсу жеткізудің 8 жылдық бағдарламасына 200 миллиард теңге бөлінді. Бірақ су комитетінің мамандары: «бұл қаражат ел аумағын толық қамту үшін аз болды», - деп отыр. Әрі жергілікті билік жобалаушылардың жұмысын тыңғылықты бақыламаған.
Анарбек Орман - ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары комитетінің төрағасы
«Қалай болса, солай... Кім үлгереді, сол жоба үлгерген. Облыс әкімі ауданға берген, аудан әкімі ауыл әкіміне берген. Ол маман емес. Осындай қателіктерге жол берілген».
Енді ауызсу жеткізудің жаңа бағдарламасы пысықталып жатыр. 10 жылдық жоба бойынша су әрбір үйге жеткізіліп, өлшегіш құралы орнатылуы тиіс. Ал «осы істі өз қолыма алам» деген жеке кәсіпкерлерге Үкімет 15 жылға жеңілдетілген несие бермек. Егер жоба бекітілсе, шенеуніктердің жоспары бойынша 2015 жылы ауыл халқының 70 пайызы, 2020 жылы 100 пайызы толық ауызсумен қамтылмақ.
Астана