Өскеменде төтенше жағдай. Қаладағы дәмханалардың бірінде қолдан жасалған бомба жарылды. Сауық құру орнында жоспарланған үйлену тойы өткізілмейтін болды. Ішкі істер департаментінің хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.Толығырақ келесі бейнематериалда.
Оқиға орнында тергеу тобы жұмыс жасауда. Қолдан жасалған қондырғының қалдықтарын іздеп жатыр. Бұл дәмхана қала шетінде орналасқан. Маңайында ескі 2 қабатты үйлер бар. Оның тұрғындары түнде шошып оянды. Жарылыстың қатты болғанын айтады.
Людмила Колесина - қала тұрғыны
«Мен де, қызым да жарылысты естіді. Ұйықтап жатқан балам оны жер сілкінісі деп ойлаған».
Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Оқыс оқиға кезінде ойын-сауық кешені жабық тұрған. Бірақ ғимарат қатты қирады. Терезелері шағылып, шатыры сынды. Жиһаз бен техника да бүлінді. Тергеушілердің ойынша, жарылғаш зат опырылып түскен қабырғаға орнатылған.
Бақытжан Торғаев - ШҚО ІІД баспасөз қызметінің өкілі
«Бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция бұл жарылыстың неден болғанын, қай жерде нақты болғаны, оның күші қандай - осының бәрін анықтау үстінде, сараптаулар жасалуда».
Сауық құру орнының иесі бұл туралы шетелде жүргенде білді. Ал дәмхана қызметкерлерінде жарылғыш зат әдейі орнатылды деген күдік жоқ. Бүгін дәмханада той өткізілуі тиіс еді. Алайда жоспарланған үйлену тойының иелеріне қаржылары қайтарылды. Олар таң ата басқа мейрамхана іздеумен бас қатырған. Бәзбіреулер қуанышқа кедергі жасамақ болғанын полицейлер жоққа шығармайды.
Өскемен