қазір Теңіз сақшылары (Водяные крысы)
 03:00 Extreme makeover: home edition (Баспана Бабы)
Телепрограмма
Ақпан 2012
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29

Жаңалықтар
26 Шілде 2010, 22:30

Тырысқақ қоздырғышына толы су қоймасы

Шымкенттегі «Ақжар» су қоймасынан тырысқақтың вибриондары табылды. Қалалық обаға қарсы күрес стансасының мамандары оны енді қауіпті су қоймаларының қатарына қосып отыр. Өйткені, адамдар келіп шомылатын қойма кез-келген уақытта тырысқақтың өршуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Өңірлік тілшіміз Айнұр Ақбаева әңгімелейді.

Шымкент қалалық обаға қарсы күрес стансасына қарасты тырысқақ зертханасының меңгерушісі Қорчи Құрбанов қазір «Ақжар» су қоймасына жиі келеді. Сынамалар алып жүр. Өйткені бұл қазір қаладағы ең қауіпті қоймалардың біріне айналған.

Қорчи Құрбанов - Шымкент қалалық обаға қарсы күрес стансасының зертхана меңгерушісі

«Биыл тексергенде 4 культура шыққан, холерный вибрион. Өте нашар, адамдардың ішіне осы су кетіп қалса, оларда ауру болуы мүмкін. Соған қарамастан адамдар шомылып жатыр».

Мына шыны ыдыстарында «Ақжардан» алып келінген сынамалар. Тексеру қорытындысы көңіл көншітпейді. Күннен күнге нашарлап барады. Қазірдің өзінде бұл сулардан тырысқақтың төрт түрі анықталыпты. Ал қаладағы өзге шомылатын 14 орыннан алынған сынамалардан да тырысқақтың белгілері анықталған. Бірақ суға түсуге келгендер қаперсіз.

Рәш Қалдыбаева - қала тұрғыны

«Ауру шығады дегенге өзім сенбеймін. Неге? Өзім осыдан жақсы жазылып жатырмын».

Оңтүстік Қазақстан облысы біраз жылдан бері тырысқақтың ошағы саналады. Сондықтан су қоймалары жыл сайын көктем келісімен тексеріле бастайды. Биылдың өзінде өңірде тырысқақтың 64 түрі анықталған.

Рәтбек Сайлаубекұлы - Шымкент қалалық обаға қарсы күрес стансасының бастығы

«Өзеннің бойына өте жақын елді мекендер орналасқан. Ол үйлерде канализация жоқ. Сондықтан үйдегі монша су бар, кір суларды кейбір жағдайда өзендерге ағызады».

Қазірдің өзінде Ақжар қауіпті су қоймаларының қатарына қосылды. Ал бір апта бұрын облыстық тазалық мамандары бұл тізімге Қошқарата, Қарасу өзендерін енгізген болатын. Онда ішек аурулары қоздырғыштары мен сары ауру, обаның белгілері анықталған. Сондықтан суға шомылар кезде сақ болған абзал.

Оңтүстік Қазақстан облысы

Айнұр Ақбаева


Пікір

Соңғы RSS
көп оқылатын