қазір Убойной ночи
 01:00 Теңіз сақшылары (Водяные крысы)
Телепрограмма
Ақпан 2012
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29

Жаңалықтар
1 Шілде 2010, 22:30

Миллионға бағаланған бір шумақ өлең

Қызылжарлық ақын аяқ астынан миллион теңгеге қарық болды. Оның бір шумақ өлеңін кеспе қорабына рұқсатсыз жазған кәсіпкер өз кінәсін мойындап, ақыннан кешірім сұрады. Бұдан әрі өзгенің лирикасына қызығушылық танытпайтынын айтты. Естеріңізге салайық, бастапқыда шағымданушы Марал Оспанова авторлық құқым аяққа тапталды деп, кәсіпкерден 299 миллион теңге талап еткен. Бірақ шумақтан басталған шу сотқа жетпей, ақыры екі жақтың келісімімен аяқталды. Кеспе өнімін өндіруші компания ақынға 2 миллион доллардың орнына 1 миллион моральдық шығын өтеді.

Марал Оспанова - ақын

«Бұл үлкен жеңіс деп айта алмаймын. Егер сот арқылы мен өз құқығымды қорғаған болсам, заңды түрде мен одан әлдеқайда көп ақша талап етер едім. Талап еткен де болатынмын. Бірақ мен адамгершілік тұрғысынан мен ол кісіге кешірім жасадым».

Оспановтар отбасы миллион теңгені қайда жұмсайтынын шешіп қойған. Ақын бұл қаржыға ұлына ипотекаға үй алып бермек. Әзірге Марал Оспанова өзінің өмірі туралы жинағын кейінге қалдыруды жөн санап отыр. Ал, ақынның бір шумақ өлеңін әуелгіде ауызша рұқсат алып пайдаландым деген кәсіпкер нақты дәлелі болмаған соң айыбын өтемақымен өтеуге мәжбүр болғанын айтады.

Петропавл

Гүлбарам Мендеева


Пікір

Соңғы RSS
көп оқылатын