Жанар-жағармай бағасын бақылайтын қоғамдық қауымдастық құрылды
Қазақстанда жанар-жағармай тапшылығы болуы мүмкін. Себебі бензинді көтерме жолмен жеткізетін компаниялар бір аптадан бері Ресейден жанармай әкелуді тоқтатты. Өйткені арнайы рұқсат қағаздары жоқ. Ресми тіркелуді талап ететін заң 2011 жылы қабылданып, биыл, ақпан айының бірінен бастап күшіне енді. Арада жарты жыл өтсе-де түрлі себептермен көптеген фирмалар рұқсат қағазды ала алмай қалған. Десе-де тиісті құжатты беруі қажет Мұнай және газ министрлігі асығар емес.
АМАНЖОЛ МҰХАМЕДИЯРОВ - «ҚАЗАҚСТАН ЖАНАРМАЙ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ» БІРЛЕСТІГІНІҢ ЗАҢГЕРІ:
«Жанар-жағармай өнімдерін көтерме жолмен жеткізетін компаниялар аккредитация алу үшін Мұнай және газ министрілігіне тиісті құжаттарын өткізіп қойған. Алайда жауапты ведомство ол құжаттарды бірінші, ақпаннан бастап қана қарастыра бастады. Енді көтерме кәсіпкерлер рұқсат қағаздарын 23, ақпаннан кейін ғана алады. Ал ол құжатсыз Қазақстан аумағында мұнай өнімдерін таратуға құқылары жоқ».
Бүгінде елімізге қажет жанармайдың 40 пайызы Ресейден экспортталады. Егер кәсікерлердің рұқсат алу мәселесі тездетіп шешілмесе, елімізде өткен жылғыдай жанар-жағармай тапшылығы қатты сезілуі мүмкін,- дейді мамандар.