- Блогка қою
- Басып шығару
- Хат жазу
- 10.03.2010 22:30 видео 6 күнде игерілген 300 миллион теңге
-
Алты күнде игерілген 300 миллион теңге. Осындай құжатқа қол қойған "Қазғарыш сапары" компаниясын 2005 жылы басқарған Серік Тұржанов алып жобаның орындалғаны туралы алдын ала есеп бергені үшін сотталатын түрі бар. Оның мүндай былығы статагенттіктің бұрынғы төрағасы Мешімбаеваның орынбасарларына қатысты істі қарастыру кезінде шықты. Мемлекет қаржысын жымқырған шенеуніктердің ісі туралы Қатира Мағдатқызының репортажы.
Қатира Мағдатқызы - тілші
Бүгінгі отырысқа тек мен ғана емес, басқа журналистер, прокурорларда асығыс келді. Космос саласына бөлінген қаржы космостық жылдамдықпен игеріліп жатыр. Мәселен, 300 млн теңгеге жуық қаржы 6 күннің ішінде жұмсалыпты. Мұндай жылдамдықтың сырын бәрі білгісі келеді.
Куәгер
- Серік Тұржановтың бұрынғы әріптесі. "Қазғарыш сапары" мекемесінің қаржы саласына жауапты болған. Екі ірі жобаны бір аптада іске асыруға себепкер болса керек. Дәлірек айтсақ, ол 2005 жылдың 14 шілдесінде жасалған келісім-шарт сол айдың 20 сы күні-ақ орындалды деп есеп берген.
Прокурор
- А в связи с чем был подписан акт? То есть всего 6 дней прошло.
Куәгер: - Компания по сути, должен был дать аванс, но по желанию МОН этому авансу был придан статус акта выполненных работ.
Мұндай заңсыздыққа неге жол берілді деген прокурор сауалына Анощенко мен Серік Тұржанов та бірдей жауап қатты. Олар бізді білім және ғылым министрлігінің шенеуніктері мәжбүрледі деп отыр. Өйткені, компания сол уақытта аталған ведомствоның қарамағында болған.
Серік Тұржанов - айыпталушы
- Это было требованием МОН и финансового управления, я не знаю, что им надо было прикрывать.
Анощенконың айтуына қарағанда, аталған министрліктің қаржы бөлімі орындалған жобалар жөнінде есеп беруге асыққан. Қысым сол себепті жасалса керек. Дегенмен, оны да прокурорлардың анықтауына тура келеді. Әзірге бұл істе анықтауды қажет етпейтін бір-ақ нәрсе бар. Құны 300 млн теңгеге жуықтайтын «Есіл» кешенді станциясы салынған жоқ. Ғалымдардың жоспары бойынша, ол Орбитаға кішігірім спутниктерді жіберіп тұруы тиіс еді.
Астана
Қатира Мағдатқызы
Анонстар
- 29.07.2010 22:30 Теміржолшылар марапатталды
- 29.07.2010 22:30 «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы талқыланды
- 29.07.2010 22:30 Ош тұрғындары тағы да митинг ұйымдастырды
- 29.07.2010 22:30 Бұқаны азаптайтын «жабайы шоуға» шек қойылды
- 29.07.2010 22:30 Ерлі-зайыптылардың үйінен 8 шарананың мәйіті табылды
-
29.07.2010 22:30 видеоБаласынан безген көкек ана табылды
Телебағдарлама
-
Қазір эфирде
«Ұшқыр ниндзя» телехикаясы - 22:30 ЖАҢАЛЫҚТАР
- 23:00 «Брюс Ли туралы аңыз» телехикаясы
- 00:00 «Комиссар Рекс» телехикаясы








