10.03.2010 22:30 видео Тас жолды қар суы талқандады

Бүгін Алматы-Астана тас жолы жабылды. Қар суы республикалық маңызға ие жолды шайып кеткен. Алматыдан 195 шақырымда жүк көліктерінің кептеліп тұрғанына бір тәуліктен асты. Облыстық жол полициясы басқармасы күре жолға бақылау бекеттерін орнатқан. Айтып келмейтін апаттың машақатына біздің алматылық тілшіміз Жазира Бегалы куә болып қайтты.

Жазира Бегалы - тілші

- Алматыдан Астанаға баратын күре жолдың бірнеше жері опырылған. Тасжолды қардың суы талқандап тастаған. Республикалық маңызға ие жолды мамандар қалпына келтіру үшін жанталасуда. Бірақ жауын-шашын тиылар емес.

Лай судың ағыны үдеген сайын қираған жолдың аумағы ұлғайып барады. Мамандар кешеден бері ойылып қалған тұстың беруін қалпына келтіріп біткен жоқ.

Құмархан Дүтбай - облыстық автокөлік жолдары Департаментінің бас маманы

- 06.13.193 км ,195,198 тағы екеу бар.1-жерді толықтай жөндедік. 07.40.10 ж. бойы Алматы-Астана жолын жумаған. Дамба шешіліп кетті ме, жауын-шашыннан ба білмедік.

Бұлардың көзінше көшенің екі жағы қақ айырылған. Жүк көлігінің жүргізушілері бүгін тәубесіне келген. Олар аман қалғанына таубашылық етеді.

Ұзындығы мың шақырымнан асатын жолда көліктердің қозғалысы тоқтаған. Жол полициясы қызметкерлері Алматы-Астана тасжолын қатаң бақылауға алды. Бәрінен халықаралық жүкті тасымалдаушылардың шыдамы таусылғаны анық. ТМД мен Еуропаның бірқатар елдеріне тауар таситын жүргізушілердің шаруасы шатқаяқтапты. Олар сағат сайын шығынын есептеп әуре.

Геннадий Шэмир - Белоруссия азаматы

- Бүгін екінші тәулік әлі ешқандай қозғалыс жоқ. Маған тапсырыс бергендер хабарласып, тауарын сұрап, жүйкемді жұқартты. Мен кінәлі емеспін ғой.

Аманбай Тасболат - көлік жүргізушісі

- Бізде бәрі уақытпен, уже звондап жатыр, бізге апару керек, срогы 3 күн. 3 күнде жетуіміз керек.

Жүргізушілердің мұңын тыңдауға жергілікті биліктің мұршасы жоқ. Тіпті қардан келген залалдың көлемі де анықталмаған. Жөндеушілердің айтуынша, қираған жол кем дегенде екі күнде қалпына келтірледі. Тек табиғат тағы тосын мінез танытпаса болғаны.

Алматы облысы

Жазира Бегалы
Жаңалықтар мұрағаты