Фильмдер
- "Курорттағы махаббат"
-
Жылы: 2007Мемлекет: РесейРежиссері: Роман ФокинРөлдерде: Ольга Филиппова, Наталья Лукеичева, Павел Трубинер, Виталий КудрявцевКатя жазғы демалыс орнына құрбысы Наташа және 7-жасар ұлы Егормен бірге сапарға шықты. Катяның жұбайы – Глеб, белгілі биолог-генетик маманы, жүлдеге қомақты сыйлық тарту етілетін, халықаралық байқауға жобасын дайындап жатқандықтан отбасымен бірге сапарға аттана алмады.
Курортта Катя Саша есімді тартымды жігітпен танысады. Олардың арасында махаббат оты тұтанып, сүйіспеншілік сезімі пайда болады. Наташа тіпті құрбысын қолдап, уақытты ойдағыдай өткізудің қажеттігін айтады. Мәскеуге қайтқанда Катяның жүрегінде романтикалық кештер мен жағажайдағы екеуін бір-біріне ынтық еткен жақын қарым-қатынастың белгісі ретінде теңіз жұлдызшасы бейнесіндегі бойтұмар ғана қалады... Алайда барлығын құпияда ұстаймын деген жоспары жүзеге аспай қалады, себебі Александрдың құмарлығын Катяның жары мен баласы бар деген ой тоқтата алмайды. Ол үйіне бір шоқ гүл мен хат жіберіп, Катяны жұбайының алдында ыңғайсыз жағдайға қалдырады. Белгісіз біреуден келген түрлі смс-тер мен хаттар легіненен кейін Глеб жарының өзіне адал емес екенін іштей сезіп, үйінен кетіп қалады.
Осы уақытта Глебтың жобасы жарыққа шығаратын да кез келіп жетеді. Бұл жобаның толықтай іске асуына оның университте бірге оқыған, қазіргі кезде министрлікте қызмет атқаратын құрбысы Наташа көмектеседі. Катеринаға күйеуінің жобасының құндылығы толықтай белгілі, себебі ол оның барылқ құжаттарын ағылшын тіліне аударған болатын. Жұбайымен қайта тіл табысу мақсатында Катя Глебтың жобаны таныстыратын институтына барады. Ол жерде күтпеген жағдайға тап болады: осыған ұқсас жобаны тағы бір топ көпшілік назарына ұсынады. Катя бұрынғы нақсүйеріне хабарласып, сөздерінен бұл іске оның да қатысы бар екенін аңғарады. Алайда қилы кезеңдер болашақтың еншісінде еді.
Глеб әбден құлазыған көңіл-күйде, ол Катяның тек қана көзіне шөп салғандығын ғана емес, оны сатып кеткенін де түсінеді... Наташа оның көңілін жұбатып, оған сүйеу болғысы келеді. Глеб оның үйіне келіп, үй иесі жоқ кезде құпия айғақтарға тап болады, осы орайда ол бәріне кінәлі адамды тауып, әйелі мен баласының басына үлкен қауіп төнгеніне көз жеткізеді.
Телебағдарлама
-
Қазір эфирде
«Ұшқыр ниндзя» телехикаясы - 22:30 ЖАҢАЛЫҚТАР
- 23:00 «Брюс Ли туралы аңыз» телехикаясы
- 00:00 «Комиссар Рекс» телехикаясы



































































