Телепрограмма
Мамыр 2012
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31


FAQ

1. Егер менде «Жетінші арна» көрсетілмесе не істеу керек?

Егер «Жетінші арна» сіздің кабельді операторыңыздың арналар тізіміне кіретін болса, оны теледидарыңызда өздігінен қондырғылап көріңіз. Ол үшін келесі қарапайым әрекеттерді орындау қажет:


Егер қолмен қондырғылау режимімен жұмыс істеу қиынға соқса, теледидар мәзірінен «Автоматты қондырғылау» бөлімін таңдауыңызға болады, бұл жағдайда теледидар өздігінен барлық жилікті сканерлейді және барлық табылған арналарды теледидар қондырғысында сақтайды, алайда Сіз көріп отырған арналар кезегі ауысуып кетуі мүмкін.

2. «Жетінші арнаны» өздігімнен қондырғылау мүмкін болмаған жағдайда не ісеу керек?

Егер арнаны өздігінен қондырғылау мүмкін болмаған жағдайда, кабельдік операторыңыздың техникалық қызметіне немесе «Жетінші арнаның» техникалық қызметіне хабарласыңыз.

3. Менің қай кабельді операторға қосылғанымды қалай білуге болады?

Сіздің кабельдік операторыңыздың атауы байланыс қызметін көрсету шартында, сонымен қатар Сіз ай сайын алатын қызмет үшін төлейтін түбіртекте көрсетілген.

4. Егер «Жетінші арна» кабельдік операторымның арналар пакетінде болмаған жағдайда не істеу керек?

Егер Сіз көрсетілетін арналар тізіміне «Жетінші арнаны» қоспаған кабельдік оператордың қызметін қолдансаңыз, операторыңызға «Жетінші арнаны» қызмет көрсету пакетіне қосу жайында өтінішіңізді білдірген хат жолдаңыз. Сұранымдар қажетті көлемде жиналған жағдайда операторыңыз «Жетінші арнаны» өз пакетіне қоса алады.

5. Егер «Жетінші арнаны» көру кезінде кедергілер немесе өзге-де техникалық ыңғайсыздықтар туындаса қайда хабарласу керек?

Мұндай жағдайда кабельдік операторыңызға немесе «Жетінші арнаның» Желілерді дамыту департаментіне, 8 (7172) 54-27-32, 54-26-57 байланыс телефондары арқылы хабарласуыңызға болады.

6. «Жетінші арна» қай қалаларда таратылады?

Қала

Эфирлік жиілік

Кабельдік ТВ

Орал

57 ДМВ

АЛМА-ТВ, Digital TV, Аксайсетьсервис

Атырау

43 ДМВ

АЛМА-ТВ, ALACAST, Digital TV

Ақтау

52 ДМВ

АЛМА-ТВ, Digital TV, ALACAST

Ақтөбе 

45 ДМВ

АЛМА-ТВ, Digital TV

Петропавл

44 ДМВ

Связь-ИНКОМ-Сервис и телекоммуникации, Есиль-КТВ

Астана

41 ДМВ

АЛМА-ТВ, Digital TV, ALACAST, АркаТелеком, ЭлитКом, Бизнес-Телеком, ArUl Communication

Алматы

61 ДМВ

АЛМА-ТВ, Digital TV, ALACAST, ICON, Smart Unicom

Қарағанды

57 ДМВ

АЛМА-ТВ, МТК Плюс, ЮВИС

Қызылорда

44 ДМВ

Коркем-ТВ, Санжар-ТВ

Шымкент

49 ДМВ

АЛМА-ТВ, Дана Н-2004

Тараз

52 ДМВ

АЛМА-ТВ, Digital TV, АБИ-ТВ

Павлодар

52 ДМВ

АЛМА-ТВ, Digital TV

Өскемен

49 ДМВ

АЛМА-ТВ, ИнфоТелеком, ALACAST

Талдықорған

49 ДМВ

АЛМА-ТВ, МКС-Плюс

7. «Жетінші арна» қай жиілікте таратылады?

8. ҚР-нан тыс аймақтарда «Жетінші арнаны» көру мүмкіндігі бар ма?

Бүгінгі күні мұндай мүмкіндік жоқ. Дегенмен тың бағдарламалардың шығарылымдарын «Жетінші арнаның" ресми сайтынан көре аласыздар.

9. «Қырық Миллион Теңге Шоуына» қалай қатысуға болады?

«Қырық Миллион Теңге Шоуына» қатысу үшін шоудың ресми сайтында http://40millionshow.kz/ тіркелу қажет және шоуға қатысу үшін өтінім беруіңіз керек. Сауалнамаңыз (анкетаңыз) алдын ала іріктеуден өткен жағдайда, Сізді кастингке шақырады.

10. Егер қандай да бір маңызды оқиғаның куәгері немесе телеарнаны қызықтыра алатын маңызды, ақпараттың иесі болған жағдайда, оны кімге бағыттауыма болады?

Барлық ақпараттарды «Жетінші арнаның» жаңалықтар қызметінің мекен-жайына жолдауыңызға болады.

11. Мен өзімді «Жетінші арна» телеарнасының эфирінен көрдім, осы видео жазбаны қалай алуыма болады?

Тың бағдарламалардың шығарылымын, сонымен қатар жаңалықтар шығарылымдарын телеарнаның ресми сайтындағы «Видео» бөлімінен таба аласыздар.

Соңғы RSS
көп оқылатын