Арна туралы

«Жетінші арна» астаналық «Эра» телеарнасының негізінде құрылып, 2009 жылдың 9 қыркүйегінен бастап республикалық арнаға айналды. 2010 жылдың соңына қарай телеарнаның эфирлік сигналы Қазақстан халқының 76%-на қолжетімді болды (TNS Central Asia, 2010 ж.).
«Жетінші арна» әртараптандырылған тарату жүйесіне ие. Эфирден хабар таратумен қатар, «Жетінші арна» «Алма-ТВ», «Digital TV», «Элит ТВ» ID-TV, «G Media» секілді аса ірі кабельдік және спутниктік операторлар, сондай-ақ аймақтық провайдерлер топтамаларының құрамына енеді. Қазақстанның 30 пайыздан астам халқы «Жетінші арнаның" эфирлік емес хабарының көрермені қатарын құрайды.
Тек бір жылдың ішінде ғана «Жетінші арнада» Қазақстан бойынша 9 тілшілер қосыны бар пәрменді жаңалықтар қызметі құрылды. «Жетінші арнаның» стрингерлері Мәскеуде, Киевте, Тель-Авивте, Тбилисиде және Бішкекте жұмыс істейді. Жаңалықтар мен, ақпараттық бағдарламалар рейтинг бойынша жаңалық бағдарламалары арасынан алдыңғы топ-3 қатарынан тұрақты түрде орын алып келеді.
2011 жылдың қаңтарында «Жетінші арна» өз аудиториясын кеңейту және отандық ойын-сауық бағдарламаларын, телехикаялардың жаңа қойылымдарын, көпшілікке танымал теле- және кинофильмдерді дамыту жағына баса көңіл аудару жөнінде шешім қабылдады. Жаңа стратегияда, әсіресе, сапалы телехабарлар таратудың әлемдік стандарттары бойынша шығарылған эксклюзивтік ұлттық контент хабарын, сонымен қатар қазақстандық көрермендер үшін премьералық контентті таратуға аса үлкен назар аударылады.